Алматы қаласы «Түркі мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» атанады
Биыл маусым айынан бастап Алматы қаласы «Түркі
мемлекеттері ұйымының жастар астанасы» атанады. Ал, елордада 11-12 маусым
күндері Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының XIV пленарлық отырысы
өтеді. Ол туралы Мажарстанда өтіп жатқан ұйымның бейресми саммитінде айтылды.
Алқалы басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, түбі бір
түркі елдердің татулығы мен табысын еселейтін ұсыныстар айтты.

