Президент Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

Президент Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сапарының алғашқы күні Италия Президентімен, сондай-ақ, Премьер-министрімен келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.  Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі. Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының штаб-пәтерлеріне барады.