Алматы хайуанаттар бағы

Алматының хайуанаттар бағы – Қазақстан бойынша алғашқы зоологиялық бақтардың бірі.

80 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан хайуанаттар бағында бүгінде 3 мыңға жуық аң-құс бар. Мұнда мекендейтін жануарлардың тағдыры әр түрлі. Бұған дейінгі бағдарламалардың бірінде, Қостанай облысында қиын жағдайға душар болған бірқазан туралы айтқан болатынбыз. Жылы жаққа ұшып бара жатқан үйірінен қалып қойып, әбден әлсіреген құс жарты жолда құлап қалған. Оны жақын маңда тұратын жанашыр адамдар құсты құтқарып қалмағанда, Қызыл кітапқа енгізілген бірқазан аштық пен суықтан өліп қалар еді. Бұдан кейін, құс Алматының хайуанаттар бағына жеткізілді.  

Алматының хайуанаттар бағы – қала тұрғындары мен қонақтарының ең жиі келетін орны. Әсіресе, мұнда балалар көп. Бүлдіршіндер мен жасөспірімдер Африка шөлейтінде тіршілік ететін момын керікті, Азия құрлығын асықпай шарлайтын тасбақаларды, және басқа да ерекше аң-құстарды көре алады. Солардың бірі – бұтақтан бұтаққа секіретін тынымсыз әрі көңілді кішкентай маймылдар.