Алматыда әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы көркем фильм түсіріліп жатыр
Өнерсүйер қауымның қошеметіне бөленген шығармашылық топтың құрылғанына келесі жылы 55 жыл толады.
Музыканттардың рөлін жас актерлар – Мақсат Сәбитов, Мейірғат Амангелдин, Артур Асқарұлы сомдайды. Бұл фильмде достықтың қалай туындағаны, кейіннен қимас жандардың жігі қалай ажырап қалғаны туралы баяндалады. Жалпы «Дос-Мұқасан» тобының орындауындағы әндер кезінде қазақ эстрадасына жаңаша леп әкелді.
Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:
- Бұл кинода сіз бен бізге беймәлім болып келген мағлұматтар айтылады. Өскелең ұрпақ, ХХІ ғасырдың жастары, біздер түрлі музыка тыңдаймыз. Түрлі бағыт пайда болды. Осы жылдар ішінде музыкалық талғамымыз өзгеріп кетті. Бірақ әлі күнге дейін қандай кино, сериал болмасын «Дос-Мұқасан» тобының әндерін пайдаланамыз.
Ақпарат көзі: khabar.kz