Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда III халықаралық «Ғылым және бизнес» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған жүзге жуық ұйым қатысты. Жиын барысында қатысушылар идеядан нақты өнімге қалай өту керектігін айтты. Сонымен қатар соңғы жылдары көптеген ғалым бизнес тілінде сөйлеуді үйренген. Енді олар өздерінің ғылыми жаңалықтарын көпшілік назарына ұсына алады.

Арын Орсариев, «Ғылым қоры» АҚ төрағасы:

- Катализ, отын институты ластамас үшін мұнай компанияларының құбырларына салатын сүзгілер жасап шығарды. Ал компаниялар шығарындылар үшін аз төлей бастаған. Өйткені шығарындылар сүзгілердің арқасында азайған. Бұл айырмашылықтың жартысы Сокольский атындағы Отын және катализ институтына түседі. Олар биыл 270 миллион табыс тапқан.

Айта кетейік, небәрі бес жылдың ішінде Қазақстан ғылыми жобаларға 34 миллиард теңге инвестиция салған. Бұл ретте елге 45 миллиард қайтарылды. Келесі қадам – жобаларды кеңейту және әлемдік нарыққа шығу.