Алтын бағасы қымбаттады: унциясы 5,2 мың доллар

Алтын бағасы қымбаттады: унциясы 5,2 мың доллар

Артық ақшаңыз болса, алтынға да айналдырып қойыңыз. Өйткені бағалы металдың бұл түрінің құны әлемдік нарықта күннен-күнге қымбаттап келеді. Мәселен, соңғы аптаның өзінде унциясы 20%-ға өсіп, 5 200 доллар болған. Теңгеге шаққанда алтынның бір граммы қазір 82 мың 542 теңгемен сатылуда. Ұлттық банк дерегінше, бір апта бұрын оның бағасы 77 000 теңге болған еді. Жалпы, алтынның бағасы былтырғы жылдың ақпанымен салыстырғанда 70%-ға шарықтаған. Блумгерг агенттігі бұған - АҚШ сауда тарифтері инфляцияны жеделдетуі мүмкін деген алаңдаушылыққа байланысты қауіпсіз активтерге деген сұраныстың артуы аясында өсіп келеді дейді. Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіс және жалғасып жатқан геосаяси тәуекелдер баға белгілеуге қосымша қолдау көрсетіп отыр. Bank of America талдаушылары 8 айда алтынның унциясына 6 мың долларға жетеді деп болжайды.