Асқар Мамин: Қыркүйек айында Қазақстанда 10 млн адамды вакциналау аяқталады
Алдағы 3 айда 6 млн қазақстандық вакцина алады. Бұл иммундауға жататын ел азаматтарының 64% құрайды. Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деп мәлімдеді. Оның атап өтуінше, алдағы қыркүйек айында 10 млн-ға жуық адамға қатерлі індетке қарсы екпе салу науқанын аяқтау жоспарланып отыр.
Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі. Ол үшін денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілді. Адамдар көптеп шоғырланатын жерлерде жылжымалы егу пункттері ашылады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов