Әскери альпинистер «Эльбрус шеңбері» ойындарына дайындалуда
Еліміздің Қарулы күштерінен іріктеп алынған сарбаздар «Эльбрус шеңбері» халықаралық әскери ойындарына қатысады. Әскерилердің қорытынды жаттығуы Алматыдағы таулы дайындық орталығында өтіп жатыр.
Сарбаздар Мәншүк Мәметова мұздығына барып, 4 194 метр биіктіктегі шыңға көтерілді. Бұл жаттығу ақпан айында басталып, бүгінге дейін 10 кезеңі өткен. Жарысқа қатысушылар арасында Эверест шыңын бағындырған Мақсұт Жұмаевта бар. Жалпы «Эльбрусс шеңбері» жарысына қазақстандық әскери альпинистер жылда қатысып келеді. Сонымен бірге жақсы нәтижелер де көрсетуде. Олар жеке және команда болып жартасқа өрмелеп, таулы жерде жол табуы қажет. Сондай-ақ тау өзендерінде өткел жасап, мылтық атып, белгіленген қашықтықты тез жүріп өтуден жарысады.
Семсер Махабыл, мобилді оқыту тобының жетекшісі:
- Биылғы жылдың сәуір айынан бастап біз арнайы операциялық күштердің әскери қызметшілерін «Эльбрусс шеңбері» байқауына қатысу үшін таңдап алдық. Бұл жарыстар 5 жыл бойы өткізіліп келеді.