Астана әлемдегі ең интеллектуалды қалалардың қатарына енді

Астана әлемдегі ең интеллектуалды қалалардың қатарына енді

Intelligent Community Forum жүргізген зерттеуде алты басымдық негізге алынған. Бұл кең жолақты интернетке қолжетімділік, цифрлық технологиялар мен құралдарды енгізу, ақылды қалаларды салуға инвестиция құю сынды көрсеткіштер.  Сондай-ақ еліміздің бас қаласы Smart Centers Index рейтингінде ақылды қалалар рейтингінде 64-ші орынға ие болды. Зерттеу тобы Астанадағы инновацияларды қолдау деңгейін жоғары бағалап, оған 650 балл берді. Бұл көрсеткіш Токио, Сеул, Бейжің және Сиэтл қалаларынан да жоғары екенін айта кетейік.