«Астана Балет» театры өскеменге гастрольдік сапармен барды

«Астана Балет» театры өскеменге гастрольдік сапармен барды

Елордалық «Астана Балет» жаңа маусымның алғашқы концерттік бағдарламасын Шығыс Қазақстан өңірінің өнерсүйер қауымы тамашалады. Өскемен қаласында театр ұжымы бағдарламаның алғашқы күні «Barocco» камералық музыка кешін ұсынып, тыңдармандарды осы дәуірге сапар шеккізді. Кеш барысында Иоганн Пахельбельдің «Каноны», Алессандро Марчеллоның «Гобой мен оркестрге арналған концерті», Иоганн Себастьян Бахтың ішекті аспаптар оркестріне арналған сюита: «Ариясы» және өзге де кеңге  танымал композиторлардың туындылары орындалды. Келесі күні театр музыканттары көрермендерге қазақстандық және шетелдік авторлардың үздік шығармаларының симбиозын ұсынды.