«Астана Опера» театры Дубайда өнер көрсетеді

«Астана Опера» театры Дубайда өнер көрсетеді

«Астана Опера» театры алғаш рет Дубайда өнер көрсетеді. Қазақстандық өнер ұжымының гастрольдік сапары 13-17 желтоқсан аралығында өтеді. Алғашқы күні «Дубай Опера» сахнасында отандық театрдың симфониялық оркестрі Dubai Festival Chorus шығармашылық тобымен Георг Фридерих Гендельдің оратория жанрындағы әйгілі «Миссия» туындысын орындайды. Бұл кешке танымал дирижер Роб Джонстон жетекшілік етеді. Кейін Қазақстаннның сахна саңлақтары үш күн қатарынан 15, 16, 17 желтоқсанда жергілікті өнерсүйер қауымның назарына Юрий Григорович қойған әйгілі «Щелкунчик» балетін ұсынады.