Астанада ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 73-сессиясы өтеді

Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Сессия ең беделді халықаралық ұйымның 75 жылдығын мерекелеуге, сондай-ақ, Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Астана декларациясының 5 жылдығына орайластырылады. Соңғысы, құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы деңгейінде ілгерілету жөніндегі Қазақстан мен Дүниежүзілік ұйым арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектісіне айналады.