Мәжіліс заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң қабылдады
Құжатта заңсыз иемденген және шығарылған активтерді қайтару, заңсыз иемденуге ықпал еткен себептерді жою арқылы қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру тұстары қарастырылған. Жұмыстың жаңа тәсілдерін енгізу және барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету де назардан тыс қалмады. Құжатта заңсыз алынған активтерді қайтарумен айналысатын уәкілетті орган құру жағы да айтылды. Ал, елге қайтарылатын қаражатты арнайы құрылатын мемлекеттік қор мен басқарушы компания жинақтайды. Қайтарылған ақша маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға жұмсалмақ.
Снежанна Имашева, ҚР Мәжілісінің депутаты:
- Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс тобының отырыстарында қарау барысында негізгі заң аясында тиісті түзетулер енгізді. Атап айтсақ бұл заңның қолданылу аясын нақтылау, активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның құзыреті, ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау,Комиссияның құрамы мен функцияларын және тізілімді қалыптастыру тәртіптері. Сонымен қатар, «пайда болуы түсініксіз активтер», «жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам», «үстеме кіріс» деген ұғымдар нақтыланды. Мұнымен қоса, «әкімшілік-билік ресурстары» деген жаңа ұғым енгізілді.