FIDE Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге дайын

FIDE Қазақстанда шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге дайын

Аркадий Дворкович елордада әлемнің ең мықты деген 12 шахматшысының басын қосқан FIDE Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді. Олардың қатарын еселеу межеленген. Бұған қоса елімізде шахматты дамытудың жол картасы әзірленіп, «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру көзделіп отыр.