Астанада Сomic con халықаралық фестивалі өтеді

Гик-әлемнің жанкүйерлері Астанада бас қосады. Елордада комикстер, кинематография, бейне ойындар, аниме және қазіргі заманғы танымал мәдениеттің өзге де бағыттарына арналған халықаралық Comic Con фестивалі өтеді. Бағдарламасы бай шараның қонақтары үш күн бойы косплей байқауына қатысып, сүйікті кейіпкерлерімен жүздесіп, танымал блогер, суретші,  жазушылармен, сценарий жазушылармен және басқа авторлармен кездесуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар келушілердің назарына музыкалық топтар мен ұжымдардың қойылымдары ұсынылады. Осы жолғы астаналық Comic Con-ның басты қонақтары - хедлайнерлер. Бұл әлемдік деңгейдегі актерлер, «Галактика сақшылары» жұлдыздары - Шон Ганн мен Майкл Рукер. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жұлдыздар олармен жеке сөйлесіп, естелікке қолтаңбасын береді.


Шон Ган, актер, АҚШ:

-Сәлем Комик Кон Астана 2023! Мен, Шон Ганн, биыл фетивальге қатысып жатқаныма өте қуаныштымын. Баршаңызды асыға күтемін. Келіңіздер!

 

Майкл Рукер, актер, АҚШ:
-Барлығына сәлем! Байланыста Майкл Рукер. Мен 15-17 қыркүйек аралығында Қазақстанның әдемі қаласы – Астана қаласында өтетін Комик Кон фестиваліне қатысамын. Баршаңызды алаңда күтемін!