Вирусолог COVID-19 пандемиясы туралы мәлімдеді

Вирусолог COVID-19 пандемиясы туралы мәлімдеді

Әлем әлі пандемиядан құтылған жоқ, бірақ оның аяқталуына аз қалды. Бұл туралы Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының бас ғылыми қызметкері мәлім етті. Вирусолог Анатолий Альтштейннің айтуынша, бұдан былай COVID-19-дың жаңа толқындары болмайды және ауру-сырқау төмендейді. Бірақ пандемия аяқталғаннан кейін де ауыр және өлімге әкелетін жағдайлар толық жойылмайтынын, тек оның төмендейтінін жеткізді. Осыған дейін аса қауіпті инфекциялар жөніндегі сарапшылардың бірі, планеталық масштабтағы коронавирустық пандемия 2022 жылы аяқталуы мүмкін деп болжаған болатын.