Барлық қаржы ұйымдарының басшылары Алматыға жиналды

Теңге дербестіктің белгісі. Мемлекеттік рәміздер секілді құнды да қасиетті нышан. Бүгін Алматыда Ұлттық валюта күніне орай: «Теңге әлемдік нарықтарға апаратын жол» атты Қазақстан қаржыгерлерінің ХІ конгресі өтті. Ауқымды жиында цифрлық теңгенің әлеуеті, айналымға енгізілетін жаңа банкноттар сынды тақырыптар талқыланды. 

Тәуелсіздік жылдары теңгенің әлемдік нарықтағы бәсі де, бәсекеге қабілетті де артты. Бұл бағытта ілкімді істер үздіксіз атқарылып келеді. Мәселен, биылғы онбірінші конгресте алғашқы цифрлық теңге танысытылып, бірінші транзакция жүргізілді. Цифрлық теңгенің ерекшелігі интернеттің көмегінсіз кез-келген жерде төлем жүргізуге мүмкіндік береді. Жоба 2025 жылға қарай толық қолданысқа енеді.

Айнұр Кенжаева, Цифрлық теңге жобасының жетекшісі:
-
Президент шешіміне сәйкес цифрлық теңге 2025 жылдан бастап елімізде енгілетін болады. Қазіргі жүргіхіліп жатқан жұмыстар сол жол картасына сәйкес үш кезеінен тұрады. Биыл біз бөлшек цифрлық теңге дейміз, сол розничная цифровая валюта оны экономикаға енгізіп жатырмыз. 

Зұлқарнай Ермұратұлы, тілші:
-
Теңге айналымға енгелі бірнеше мәрте сыртқы дизайны өзгеріп, көлемі ауысты. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, банкноттардың дизайны жалған ақша жасау фактілерінің алдын алу мақсатында кезең-кезеңімен жаңартылып отырады. Конгрес барысында жаңа банкноттар таныстырылды.

Санжар Нұрқасымов, ҚР ҰБ Банкноталар мен монеталар дизайны басқармасының бас дизайнері:
-
Дизайны өте ерекше. Біз бұл жолы ұлттық құндылыққа баса мән бердік. Байқасаңыздар «Сақ стилін» аңғаруға болады. Бес мың теңге осы жылдың аяғына дейін айналымға шығады.

Жаңа дизайн «Сақ стилінің» элементтеріне негізделген.  Көшпенді халық мәдениетінен бастап, қазіргі Қазақстанға дейінгі мәдени құндылықтар бейнелеген.