«Болашақ» бағдарламасы техникалық мамандықтарға басымдық береді

«Болашақ» бағдарламасы техникалық мамандықтарға басымдық береді

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша техникалық және IT мамандықтарға грант саны 60% дейін артады. Сондай-ақ техникалық дайындық бағыттары бойынша үміткерлер үшін шет тілін меңгеруге арналған IELTS тестінің орташа балы төмендетілді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлады. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Әнуар Жанғозиннің айтуынша, Президент тапсырмасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау процесі басталды. Енді инженерлік-техникалық кадрларды дайындау басты назарда. Сонымен қатар ауылдық аймақтардан келетін үміткерлердің мүмкіндіктерін арттыру жоспарланып отыр. Онда ағылшын тілін меңгеру деңгейін төмендету, ауылдық жерлерде міндетті тұру мерзімін 3 жылдан 2 жылға дейін қысқарту бар.