Қазақстан сарбаздары дауыс беруді аяқтады

Сайлауда  жоғары белсенділік танытқандардың бірі - әскерилер. Ұлттық ұланның астаналық құрамы алғашқылардың бірі болып дауыс беруді аяқтады. Мәселен, 5573 әскери бөлімінің сарбаздары түске дейін өз таңдауын жасап үлгерген.   

Жеңіс Ермұқанов, тілші:

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде жексенбінің өзінде таң атпай  қызу қарбалас. Таңнан бұрын  тік тұрып, сап түзеуге дағдыланған сарбаздар бұл жолы әдеттегідей жаттығу алаңына емес,  бөлімде құрылған сайлау учаскісіне бет алды. Олар бүгін ел тізгінін ұстайтын Мемлекет басшысын ғана емес, Қарулы Күштердің Жоғары қолбасшысын сайлауға асық.

Бұл Ұлттық ұланның елордалық бірінші мақсаттағы жедел бригадасының сарбаздары үшін құрылған 226-шы жабық сайлау учаскесі. Жәшікке алғаш болып бюлетень салу мәртебесі қатардағы жауынгер Ахмет Айтқуанға бұйырды.

Ахмет Айтқуан,  ҚР «Ұлттық ұлан» сарбазы:

Бүгін күн тарихи сәт. Себебі мен бірінші рет президент сайлауына қатыстым. Ұлттық ұлан сарбаздарының сабынанда мен ең бірінші болып дауыс бердім. + Болашаққа деген үлкен қадам жасағаныма сенімдімін.  Өз таңдауыма 100% сенімдімін.

Ахмет сынды мерзімді әскери борышын өтеп жүрген Ұлттық Ұланның мың жарымнан астам сарбазы бүгін өз таңдауын жасайды. Оның ішінде жартысына жуығы жалпы саяси науқанға алғаш рет қатысып отыр. Бәрі де ел игілігі қамында еңбек етіп, халық сенімін ақтайтын үміткерге дауыс бергеніне сенімді.  

Сайлау учаскесі таңғы 6-да ашылды.  Басқа учаскелер енді ашылып жатқанда сарбаздардың  үштен бірі өз таңдау жасап үлгерсе, дауыс беру түске дейін толық аяқталды. Азаматтық позициясын білдірісімен ел тыныштығы мен бейбіт тірлік сақшылары уақыт талғамайтын жауапты қызметтеріне кірісіп кетті.  

Айдарбек Жүсіпбеков, ҚР Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі командирінің орынбасары

- Өйткені, өзіміздің ерекшеліктеріміз бар. Ұлттық Ұланның жеке құрамы күнделікті қоғамдық тәртіп күзетінде жүреді. Әр уақытта қоғамдық-саяси шаралардың ұйымдасуына ат салысады. Бүгінде олар негізгі қызметтеріне кіріспес бұрын ел азаматы ретінде сайлауға қатысып үлгерулері керек. 00:50:12

Еліміздің барлық күштік құрылымдары бүгін аяғынан тік тұрып қызмет етуде.  Дауыс беру дұрыс және тыныш жағдайда өту үшін 20 мыңға жуық полицей жұмылдырылды. Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қадағалауға 14 мың ішкі істер министрлігінің қызметкері жіберілген. Барлық жерде бақылау күшейтілді. Әзірге ешқандай құқық бұзушылық байқалған жоқ.