Тұрғын үйлердің сапасын реттейтін нормалар енгізіледі

Тұрғын үйлердің сапасын реттейтін нормалар енгізіледі

Енді тұрғын үй сапасын қадағалайтын заңға түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігі мен аумақты кешенді дамыту» конференциясында айтылды. Жаңа заң ескірген, апатты жағдайда қалған үйлерге инвестор тартуды көздейді. Биыл елде мұндай 3,6 мың көппәтерлі үй тіркелген екен. Ал, жаңа жоба жүзеге асса, жоспар бойынша, жыл сайын 6-7 мың пәтер жаңартылмақ.