Астанада жаңа өрт сөндіру көліктері берілді

Астанада жаңа өрт сөндіру көліктері берілді

Елорданың өрт сөндіру қызметі жаңа техникалармен толықты. Көліктер жол талғамайды. Заманауи құралдармен жабдықталған. Бұл автоцистерналарды алуға әкімдік қаражат бөлген. Қала аумағы ұлғайған сайын өрт қаупі де көбейеді. Ал, айтып келмейтін апатпен жалаңқол күресу мүмкін емес. Сондықтан, Астананың арнаулы қызмет саласын тиісті техника, құрал-жабдықпен қамтамасыз ету – әкімдіктің басты мақсаты. Мәселен, Төтенше жағдайлар департаменті соңғы 3 жылда 90 техникамен толыққан. Бүгін тағы 15 заманауи жаңа көлік кілті табысталды.