Қазақстан Жапонияның Осака қаласында өтетін ЕХРО 2025 көрмесіне қатысады

«QazExpoCongress» ұлттық компаниясы тиісті келісімге қол қойылғанын хабарлады. Қазіргі таңда Дүниежүзілік ЕХРО көрмесіне дайындық жұмыстары басталып, ұйымдастыру жұмыстары  пысықталуда. Айта кетейік,  көрме Юмешима жасанды аралында 2025 жылдың   сәуір мен  қазан айлары аралығында өтеді. Оның  жалпы ауданы - шамамен 155 гектар. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келеді, сондай-ақ, 25 халықаралық ұйым өкілдері қатысады деп күтілуде.