Астаналық волонтерлер ардагерлерге құрмет көрсетті
Астананың тыл еңбеккерлері мерейтойлық медальдармен марапатталды. «Астана жастарының» еріктілері ардагерлерге төсбелгілер мен тәттіге толы себеттерін табыстады
Ұлболған Омарқызы соғыс басталғанда небәрі 5 жаста екен.
Әкесі бригадир болған, ал анасы майдан үшін киім тіккен. Сол кезде тұлымшағы
желбіреген кішкентай қыз ата-анасымен бірге егістікке шығып, күріш орып, қорға
жинағанын еске алды. Апамыздың айтуынша, ол уақытта 8-9 жастағы балалардың бәрін
жұмысқа тартқан.

