Әуежайда айтуға болмайтын сөздер

Әуежайда айтуға болмайтын сөздер

Әуежайда бір ғана сөз айтып, 20 миллион теңге айыппұл арқалауға болады. Мәселен, Астана әуежайы «бомба», «жарылыс», «қару» деп әзілдеуге де тыйым салынғанын ескертті. Алда-жалда стратегиялық нысанда осы сөздер айтылса, онда рейс кейінге шегеріліп, барлық жолаушы тексерістен қайта өтеді. Бұл ұшу кестесінің өзгеруімен қоса миллиондаған шығынға әкеледі. Ал жалған хабар таратқан адамға Қылмыстық кодекстің 273-бабымен қауіп туралы жалған немесе үрей тудыратын ақпарат таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады, бұл 20 миллион теңге шамасында. Немесе дәл сол көлемде қоғамдық жұмыстарға тартылуы мүмкін, кей жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру да көзделген.