Қазақстанның сауықтыру туризміне сұраныс артып келеді

Қазақстанның сауықтыру туризміне сұраныс артып келеді

Қазақстанның сауықтыру туризміне сұраныс артып келеді. Шипажайларға ел азаматтарымен қатар шетелдік қонақтар жиі келе бастады. Дертке шипа, жанға дауа іздегендерді ең алдымен қолайлы ауа-райы мен емдік қасиеті бар орындар қызықтырады. Қазақстанда бұның екеуі де бар. Сондықтан жайлы демалыспен емделуді көздейтіндердің таңдауы біздің елге түседі. Осылайша бір оқпен екі қоянды атқысы келетін жандар арасында елдің оңтүстіктігіндегі шипайжайлар үлкен сұранысқа ие. Ондағы минералды сулар созылмалы дертінен айыққан науқастың иммундық жүйесін қалпына келтіру үшін әсері мол. Шығыстағы Қатонқарағайдың термалды радон көздерінің шетелдік баламалы түрлерінің қасиеттерінен еш кем түспейді. Эндокриндік аурулардан сауығып шығудың бірден-бір жолы осы су көздерінде жатыр. Елде бұндай 173 шипажай-курорты бар.

Ернур Кенжебеков, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз хатшысы:
- Ал елімізідің батысындағы шипажайлар буын жүйке жүйесін, сондай-ақ тері ауруларын емдеу және алын алуға бағытталған. Бурабай және Қостанайдың қарағайлы ормандарының экологиялық таза ауасы, емдік балшығы әдемі таулы ланшафт және бірегей табиғи көрікті жерлер денсаулығын жақсартқысы келетіндер үшін енді бір сұранысқа ие шипажай-курорттық аймаққа айналдырды.