Ауыл әкімдерінің мәртебесін көтеру үшін не істеу керек?
JJ
Studio-ның бүгінгі талқылайтын тақырыбы - ауыл әкімдерін сайлау мәселесі.
Жалпы, Президент ауыл әкімдерінің өкілеттілігін күшейту бойынша заңға
өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді. Сол тапсырма аясында әкімдіктерге
қандай мүмкіндік беру керек? Олардың мәртебесін көтеру үшін не істеу қажет?
Жақында өткен Ауыл әкімдерінің форумының нәтижесі қандай? Осы мәселелерге
қатысты көптеген сұрақтарға бүгінгі студия қонағы ҚР Парламент Мәжілісінің
депутаты Мұқаш Ескендіров жауап береді.

