Автосақтандыру жүйесі қатаңдатылады

Автосақтандыру жүйесі қатаңдатылады

Енді жол жүру ережесін бұзғандардың жүргізуші санаты төмендейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті құқықтық актілерге сақтандыру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізбек. Құжат көлік жүргізушілердің сақтандыру сыйлықақысын есептеудің «бонус-малус» жүйесін жетілдіру мақсатында әзірленген. Бонус-малус деген – жүргізушілерге берілетін жеңілдікті реттейтін бағдарлама. Мысалы, жол-көлік оқиғасы кезінде қандайда бір адам зардап шексе, жүргізуші келесі жолы сақтандыру полисін рәсімдеген кезде әдеттегіден көп сома төлейді. Әрі оның жүргізуші санаты ең төменгі М2-ге дейін төмендейді. Ал, санаты 13-ке жеткен жүргізушілерге сақтандыру компаниясы 50 пайыз жеңілдік ұсынады. Міндетті сақтандыру шартын бірінші рет жасаған кезде сақтанушыға А санаты беріледі. Бұл – бұрынғы 3-ші санатпен тең.