Айтыс арқылы танылдым...
«Жақсы адамдарым» бағдарламасы жаңа тыныспен
жаңа маусымның жақсы адамдарын таныстырады.
Оның есімі ерекше. Қазақстан бойынша онымен аттас небәрі 30 адам бар екен. Аты ғана емес, өзі де ерекше жан. Бала кезінде бөлтірік асырап, полицей болуды армандаған ол алты алашқа аты мәлім ақын болды.
«Жақсы адамдарым» хабарының жаңа маусымын филология
ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, ақын
Серікзат Дүйсенғазы ашады.

