Музыкалық жас көрермен театры

Ол – осыдан төрт жыл бұрын желтоқсан айында құрылған үлкен ұжым. Жетпіске жуық жас талант бір мақсатқа бет бұрды.

Олар театр тарихында қойылымның қаралымы бойынша рекорд орнатты. Бұл бұрын соңды болмаған құбылыс. Өткен жылдың өнер өлшемінде оның қойылымдары да, ондағы актерлер де үздіктер қатарынан көрінді. Бұл да жас ұжымға берілген жоғары баға болды. Театрдың 4 жылға жуық тарихында жастар бір-біріне үйленіп, бір ұжымнан 14 отбасы отау құрды. Осылай, ұжымдағы үйлену үрдісі де елді елең еткізді.
Берекесі артып, бақытқа бөленіп жатқан бұл ұжым – Астанадағы Музыкалық жас көрермен театры.