Бейбіт Қорған

«Маған арман», «Кім ол?» – Бейбіт Қорғанның үлкен сахнадағы алғашқы қадамы осы әндерден басталған. 2000 жылы «Жас қанат» байқауында жарқ ете қалған жас Бейбіт қазақтың ән өнерінен ойып тұрып өз орнын алды. Сол жүріп өткен өнер жолындағы қызықтар мен қиындықтар жайлы Бейбіт Қорғанның еске түсірер естеліктері көп екен.

«Жігітке жеті өнер де аз демекші», біздің бағдарламада Бейбіт баян тартып, жыр айтып, актерлік қабілетін де паш етті. Алыстан ат арылтып, арнайы келген нағыз жанкүйерлері әнші үшін үлкен тосынсый болғаны анық.

Тамаша ән, қызықты әңгімемен өрбіген «Жақсы адамдарым» бағдарламасын көруге қалай да уақыт табыңыз.