Жұбы жазылмаған жұлдызды жұптар

Жұбы жазылмаған жұлдызды жұптар

Қазақ өнерінде «Бағым сен» деп бір-бірінен бақ тапқан жұлдызды жұптардың саны қазір Қазақстанда 50-ге жуықтайды екен. Солардың бір бөлігі, төрт буынның өкілі «Жақсы адамдарымның» төрінде.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Қанат-Айткүл Құдайбергеновтер қол ұстасып қандай белестерден өтті?

Әділдік пен даналықты ту еткен жұлдызды жұп – Әділ Сламхан мен Дана Маханбаева қалай қосылды? Қазақстаннан Қытайға қыз алып қашу әрекеті қалай болды?

Бірі актер, бірі әнші, өнерде өз өрнегі бар өнерлі отбасы – Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман сезім мен сенімді қалай ұштастырды?

Өнер жолындағы жұлдызды жұптардың жолын жалғап, екі жыл бұрын ғана ерлі-зайыпты атанған жастар – Әділхан Макин мен Зарина Макина кімдерді үлгі тұтады?

«Жақсы адамдарым» бағдарламасының осы шығарылымынан көріңіздер!