Әз-Наурыздағы сіз күтпеген айтыс: Кім жеңді?
«Төрлетіңіз» төрінде тосын тұсаукесер, күтпеген айтыс, ән мен күй,
қонақкәде және сый-сияпат.
Кезекті шығарылым арнайы ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне орай
ұйымдастырылды. Бағдарлама барысында халық әндері орындалып, желіде танылған
жас талант Исламәли Біржанұлы мен Сырым Әуезханның тартысты айтысы өтеді. Әрі
қарай жыл он екі ай үстінен ұлттық киімді тастамайтын 40 жыл ұстаз болған
Күлпан Базарқызымен әдемі әңгіме қозғалады. Сондай-ақ, әнші Жазира Байырбекова кеш барысында София
есімді бүлдіршіннің тұсауын кеседі.
Әз-Наурызды жұлдызды қонақтармен бірге сырнайлатып, думандатып қарсы
алайық! «Төрлетіңіздің» мерекелік кешін тамашалаңыз!

