Азиз Бейшеналиев: Театр – ойламаған жерден пайда болған махаббатым

Азиз Болотұлы Бейшеналиев 1971 жылы 15 наурызда бұрынғы Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласында дүниеге келген. Танымал қырғыз киноактері – Болот Бейшеналиевтің ұлы. Азиздің кино тарихындағы өзіндік орны ерекше. Негізгілеріне тоқталатын болсақ, ол түскен аты шулы «Көшпенділер» мен «Параграф 78» фильмдері көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше ілтипатқа ие болды. «28 Панфиловшылар» мен «Мұстафа Шоқай» тарихи фильмдерінде де өз кейіпкерлерін шебер сомдап шықты. Қазір Азиз Алматы мен Мәскеу қаларында қатар еңбек етіп жүр.