Баланың есімі - өмірлік серігі

Сондықтан болар, қазақ халқы шыр етіп дүние есігін ашқан сәбиге ат қою рәсіміне ерекше мән берген. Біреулері жаңа туған сәби болашақта елге сыйлы, абыройлы, атақты болсын деген ырыммен белгілі тұлғалардың есімін берсе, енді бірі заман көшінен қалыспайық деген оймен айтылуы да, естілуі де әдемі сәнді есімдер таңдайды.