Банктердің таза табысы 2 трлн теңгеден асқан
ForteBank Home
Credit Bank-ті сатып алады. Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұйымға еншілес компания ретінде 100 пайыз
акциясын алуға ресми рұқсат берді. ForteBank басқарма төрағасы Талғат
Қуанышевтың айтуынша, бірігу екі банк үшін де тиімді болмақ. Home Credit
әдеттегідей жұмысын жалғастыра береді. Еске салайық, осыдан он жыл бұрын «Альянс
Банк» пен «Темірбанк» бірігіп, «ForteBank» болып құрылған еді. Содан кейін БТА
Қазкоммерцбанкке қосылып, кейін Қазақстан Халық банкі Қазкоммерцбанк акцияларын
сатып алды. Ал АТФ Банк Жусан банкке қосылды. Таяуда Жусан банк Алтын банк
болып өзгерген. Қазіргі таңда Қазақстанда екінші деңгейлі 21 банк бар. Олардың
таза пайдасы 2 трлн теңгеден асқан. Оның 60 пайызы негізгі үш ірі ойыншыға
тиесілі. Олар — Халық банк, Каспий және Банк ЦентрКредит.

