Баспана мәселесі толық шешілді
Батыс Қазақстан облысына қарасты Сырым ауданында су тасқыны салдарынан 114 үй тұруға жарамсыз деп танылған еді. Тамыз айының басында 14 жанұя жаңа қонысқа ие болды. Енді тағы 100 отбасына баспана берілді. Құрылысқа қажет қаражат «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан аударылды. Аталған қор төрағасы Болат Жәмішев пен аймақ басшысы Нариман Төреғалиев тұрғындардың қуанышына ортақтасты.
Жаңа үйлердің іргетасы сәуір айында қалана бастаған.
Құрылыс жұмыстары кестеден кешіккен жоқ. Президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқына» қоры қаржылай қолдау көрсетті.
Осылайша ауданда зардап шеккендерге арналған баспана мәселесі 100 пайыз
шешілді. Облыс әкімі ел бірлігінің арқасында қиын кезең еңсерілгенін айтып,
құттықтауын жеткізді.

