Бауырлар арасында қарыз жүре ме?
Бауыр сөзінің шоқтығы қашанда биік. Туғалы бір нанды бөлісіп келе жатқан жақының қашанда жаныңнан табылады. Тіпті есейіп, ер жеткен күннің өзінде, ол өміріміздің бір бөлшегі болып қала береді.
Дегенмен бүгінде көрінгенді бауыр дейтін қоғамда «бауыр» сөзінің қадірі қалды ма? Аға-бауыр арасындағы қарым-қатынас мәселесі неге өзекті? Екі ортада туындайтын түсініспеушіліктермен қалай күресуге болады? Жақыныңды жаныңнан алыстатып алмау үшін не істеу керек?

