Домбыраның қоғамдағы рөлі
«Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп ата-бабамыз домбыраның мәртебесін ертеде көтеріп кеткен. Домбыра - қазақтың ұлттық аспабы, халықтың үні.
6-шілде – Ұлттық домбыра күні. Домбыра ұлттық деңгейде аталып өткенімен, қоғамдағы рөлі қандай? Әр күйдің мәнін білесіз бе? Өзімізден кейінгі ұрпаққа дұрыс дәріптеп жүрміз бе? «Жүрек сөзі» бағдарламасында Нұрлан имам толыққанды айтып бермек.

