Сәлем берудің сауабы қандай?
«Жүрек сөзі» бағдарламасы бұл шығарылымды амандасудың
әдебіне арнайды.
«Сәлем» жалпы дүние мен дүниені кезіктіретін, жан мен жанды түйістіретін, араздасқандарды бір-бірімен татуластыратын, ағайындарды жақындастыратын ұлы көпір. Бұл мұсылманның өте сауапты амалы. Сөз төркінін терең білген ата-бабаларымыз «Сәлем – сөздің атасы» деп, бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп қойған. Сәлем – жақсы сезім, ақ ниет, ізгі тілек.
Сәлем бергеннің сауабы қандай болады? Сәлем беру жасқа қарай ма? Неліктен
әрдайым «Сәлеміміз дұрыс болсын» деп айтады? Үйде адам болмаса да сәлем берген
дұрыс па? Сәлем беру мен сәлем алудың әдептері қандай?
Осы және өзге де сауалдардың жауабын Нұрлан имам «Жүрек сөзі»
бағдарламасында айтып, айқындап береді.

