Жаман әдеттен қалай арыламыз?
Ұлы Абайдың
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста…» деген сөзі бекер айтылмаған. Жүрек - әділдіктің
айнасы, мейірімнің қақпасы. Білім де ең алдымен жүрекке қонады, жанды
тазартады. Ал жүрек тазарғанда ғана адам кемелдікке қарай қадам басады.
Сонда сұрақ:
біз кемелдікке қалай жетеміз? Өмірдің жақсысы мен жаманын айыра білуді, жаман
әдеттен арылуды қайдан үйренеміз?
Бұл жолғы
«Жүрек сөзі» бағдарламасында біз жан мен жүректің тазалығы, ойымызды тұмшалаған
қараңғылықтан арылу, ішкі тыныштық пен сыртқы өмірді тең ұстау жайлы сөз
қозғаймыз. Рухани кемелдікке бастайтын жолды бірге іздейміз!

