Қолымды мезгілінен кеш сермедім...

Қолымды мезгілінен кеш сермедім...

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде соңғы қоңырау соғылды. Бұл күн әсіресе мектеп түлектері үшін ерекше есте қалар сәт. Осыған орай, «Жүрек сөзі» бағдарламасының кезекті шығарылымы жас түлектерге арналмақ!

Кезінде сабақтың 45 минуты тезірек өтсе деп аңсағандардың бүгінгі арманы сол шаққа қайта оралу. Мұның өзі уақыттың қаншалықты құнды, бағалы екенін көрсетеді.

Жиырмада ақша, отызда бақты қалаймыз. Қырықта жас болғымыз келеді. Елуде денсаулықты, алпыста кәрілікті ойлаймыз. Жетпіске жеттім деп қуанып, сексенде тағы да біраз өмір сүрсек деп кете барады екенбіз.

Жас түлек қандай 5 нәрсені бағалауы керек? Оқу мен ғылым жолында ізденісті тоқтатпау не үшін маңызды? Жастар уақытпен санаса ма? Қалай оны тиімді пайдаланамыз? Нұрлан имам жауап берді.