Бауырластық байлам

Бауырластық байлам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев елімізге мемлекеттік сапармен келді. Сапар барысында тараптар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіп, түрлі саладағы еларалық бауырластық пен стратегиялық серіктестікті тереңдете түсер бірқатар құжаттарға қол қойылды.


Өзбек басшысының сапары аясында Өзбекстанның Шыршық қаласында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің филиалы, Алматыда Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институтының филиалы өз жұмысын бастады. Сондай-ақ, екі елдің басшысы Астанада өзбек халқының ұлы ақыны Әлішер Науаидың ескерткішін ашты.


«Бауырластық байлам» деректі фильмінде Өзбекстан Президентінің Қазақстандағы мемлекеттік сапары аясында жүзеге асқан, екі елдің мәңгілік достық және бауырластық байланысына ұйытқы боларлық айтулы қадамдар сөз болады.