Сәтбаевтың сара жолы | Деректі фильм

Әйгілі Сәтбаев есімінің адамзат жадынан ұмытылмасы анық. Елімізден шыққан тұңғыш геологтың ұлтына сіңірген еңбегі зор. Қ.Сәтбаев жасаған ғылыми қорытындылар – геолог-ғалымның дарындылығы мен кемеңгерлігінің көрінісі, ал геологиялық салада жасаған ғылыми тұжырымдары – қазіргі тілмен айтқанда, дәйексөз алудың жоғарғы көрсеткіші.