Бибігүл Төлегенова: Қазақ өнерінің алтын үні
Деректі фильм ұлтымыздың бұлбұл
дауысты әншісі Бибігүл
Ахметқызының өмірі мен шығармашылығына арналған. Фильмде оның сахналастары мен
шәкірттері ұлы әншінің адами болмысы мен сахнадағы шеберлігін тілге тиек етеді. Өнертанушы мамандар Бибігүл Төлегенованың қазақ
мәдениетіне сіңірген еңбегін, орындаушылық ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан
сараласа, шетелдік
музыкатанушылар оның дауысын – қазақ даласының үніндей дара құбылыс деп
бағалап, әлемдік сахнадағы биік орнын ерекше сүйіспеншілікпен әңгімелейді.

