Төлен Әбдік: «Идеология араласқан жерде таза әдебиет болмайды»
«Тұлға теориясы. Төлен Әбдік» деректі фильмі қазақ әдебиетінің
көрнекті қаламгері Төлен Әбдіктің өмірі мен шығармашылық болмысына терең талдау
жасайды. Жазушының адам мінезі, ар-ұждан, қоғам мен өркениет туралы
философиялық ойлары замандастарының, әріптестерінің және әдебиеттанушылардың
естеліктері арқылы ашылады. Фильмде «Парасат майданы», «Әке», «Тозақ оттары
жымыңдайды» сияқты туындылардың идеялық қуаты мен көркемдік ерекшелігі
сараланып, олардың қазақ руханиятына қосқан үлесі кеңінен көрсетіледі. Бұл
шығарылым Төлен Әбдік феноменінің әдебиеттегі орнын жаңаша пайымдауға мүмкіндік
береді.

