Білім беру саласына тартылған инвестиция 1,5 есеге өсті

2022 жылдың жеті айында ол 219 млрд теңгеден астамға жетті. Финпром.кз порталының хабарлауынша, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ақшалай көлемде 49%-ке артық. 2021 жылдың осы кезеңінде салаға салынған инвестиция шамамен 147 млрд теңгені құрады. Инвестициялардың ең көп көлемі дәстүрлі түрде Алматыға тиесілі. Үздік үштіктер тізімінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласы да бар. Білім беруге салынған күрделі салымдардың үштен екісі дерлік, яғни 136,5 млрд теңге жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, кәсіпорындардың меншікті қаражаты 51,6 млрд теңге, республикалық бюджет қаражаты 21,8 млрд теңгені құрады. Қалғаны банктік және банктік емес қарыздар.