Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды

Қазақстанда Биржа комитетінің Ахуалдық орталығы ашылды.

Енді мамандар биржалық сауда-саттық барысын онлайн режимде қадағалап, монополияға қарсы талаптардың сақталуын бақылап және бағаға мониторинг жүргізе алады. Жаңа механизм делдалдар санын қысқартып, өңірлік операторлардың көмір мен бензин сатып алуға тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл енді отынның аталмыш түрлерінің құнын халық үшін қолжетімді етуге жол ашады.

Құрмет Оразаев, «ЕСЖ» Тауарлық биржа» АҚ басқарма төрағасы:

- Ахуалдық орталықты құрудағы мақсат – еліміздің барлық алаңына, сондай-ақ жаһандық және аймақтық биржаларға қол жеткізу мүмкіндігін жасау. Біз биржалар ұсынатын ұйымдасқан тауар нарықтарының дамуын бақылаймыз.