7-20-25: ипотекалық лимиттер ұлғайды

7-20-25: ипотекалық лимиттер ұлғайды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана алуға арналған ең жоғары сома артты. Ұлттық Банктің жаңа қаулысына сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Ақтау мен Атырауда тұрғын үйдің шекті лимит 30 миллион теңгеге дейін көтеріліп отыр. Қарағанды қаласы үшін – 25 миллион, өзге өңірлер үшін – 20 миллион теңге болып бекітілді. Сонымен қатар, енді қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін растау кезінде тең қарыз алушылармен қатар кепілгер тартуға да рұқсат берілді. Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ипотеканы қолжетімді етіп, азаматтардың тұрғын үй алу мүмкіндігін кеңейтеді. Айта кетейік, 2018 жылдан бері іске асып келе жатқан «7-20-25» бағдарламасы арқылы бүгінге дейін 1 триллион 149 миллиард теңгеге 81 мыңнан астам жеңілдетілген несие беріліпті. Ал 2023 жылдан бері оған мемлекет тарапынан берілетін қаражат біршама азайтылды.