Қазақстандық әлемдегі жалғыз кванттық офтальмолог атанды

Көз ауруларын ерте бастан анықтау. Оның бірден бір жолы кванттық микроскоп. Отандық мамандар көмегіне жүгінетін осы озық құрылғыны қазақстандық Мұхит Құлмағанбетов жасаған. Жас ғалым ойлап тапқан бірегей аппарат квантталған фотонның негізінде жұмыс істейді. Бұл заманауи тәсіл Канада мен Гонконгта, яғни  әлемде тек екі құрылғыда ғана қолданылады.

Мұхит Құлмағанбетов, Гонкогтегі кванттық офтальмология зертханасының басшысы:

- Сіз жарықты, немесе фотонды бір нысаннан екіншісіне, яғни сәуле таратқыштан қабылдағышқа тасымалдағыңыз келеді делік. Фотон осы аралықты жүріп өткен кезде оның құрылымын өзгерте алады. Ал, біз үшін бұл фотонның өзгермегені қажет. Осылайша біз оның квантталған күйін ғана өзгеріске ұшырата аламыз. Яғни, қабылдағышқа тек квантталған фотон жетеді. Ол өзгеріп, кейін қайта өз қалпына келуі мүмкін. Бұл өзін-өзі емдеу әдісі квантталған фотонның ерекшеліктерінің бірі немесе оларды кезбе фотон деп атайды.

Мұхиттың осы күрделі бағытқа ерекше қызығушылығы Алматыдағы Асфендияров атындағы медицина университетінде білім алып жүрген кезінде оянған. Аталмыш жоғары оқу орнының үздік студенттерінің бірі түрлі шетелдік бағдарламалар аясында білімін жетілдіріп тұрды. Кейін ҚазҒЗИ-ң көз аурулары резидентурасында көзге түскен қазақстандық дарын Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің докторантурасына шақырту алды.  Осы оқу орнының қабырғаларында Мұхит түрлі зерттеулер жүргізіп, жасанды интеллект бағдарламасына кодтар жазды. Кейінірек ол басқа ғалымдармен бірігіп оптикалық томограф жасауға үлес қосты. Ол арқылы

молекулалық деңгейде көздің торлы қабығындағы өзгерістерді көру мүмкіндігі туды.

Мұхит Құлмағанбетов, Гонкогтегі кванттық офтальмология зертханасының басшысы:

- Малекулярлық дегенерация дегеніміз ерекше назарды қажет ететін аурулардың бірі. Бұл дерт әлемде көру қабілетінің жоғалуына әкелетін ең көп таралған патологияның түрі. Сондықтан бұл жобаны дереу жүзеге асыру керек. Оны жетілдіріп егер барлық офтальмологтар мен адамдар үшін қол жетімді ету ааса маңызды. Бұл қоғамдық жоба десек болады.  Біз макулярлық дегенерацияны ерте анықтап, соған сәйкес дер кезінде ем қолдана аламыз.  Көбіне көзде пайда болатын торлы қабықтағы дистрофиялық үрдістер. Бұл негізінен глаукома. Ол тек қана көз ауруымен байланысты емес, басқада дерт түрлерінің ушығуына әкеп соғуы мүмкін. Альцгеймер, Паркинсон сынды аса күрделі ауруларды мысалға келтіруге болады.

Мұхит адам жанарының қасиеттерін зерттеу жолында қол жеткізген нәтижелермен  тоқтап қалмайтынын айтады. Қазақстандық Нобель сыйлығының лауреаты, көру қабілетін оңалтуға бағытталған лазерді әзірлеуші - Донна Стриклендпен бірлескен жоба жасауға ниетті. Сонымен қатар жас ғалым АҚШ-тың NASA агенттігімен бірге көз аурулары бар ғарышкерлер үшін арнайы бағдарлама құруды жоспарлап отыр.