Қазақстанда сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталды

Отырыста Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов партиялар мен кандидаттардың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында теңдей бөлу қағидасы сақталғанын атап өтті. Оның айтуынша, науқан кезінде ведомство алдына 3 міндет қойылған. Біріншіден, саяси партиялар мен сайлау додасына қатысушыларға өз қызметін жүзеге асыру үшін тең жағдай жасау. Екіншіден, кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн платформалардың сайлау заңнамасының талаптарына сай болуы қамтамасыз етіліп, оларды шешу үшін тұрақты мониторинг жүргізілді. Осы мақсатта 576 республикалық және облыстық телеарналарды, газеттер мен интернет ресурстар қамтылды. Айта кету керек, үгіт-насихат кампаниясы кезеңінде 10 мыңға жуық материал жарияланды.

Қанат Ысқақов, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

Телеарналардағы эфир уақыты 0,3-тен 1%-ке дейін белгілі партия мүддесіне қатысты  болып біркелкі бөлінді. Яғни, 1-2 партиялардың телеарналарда 0,5 процентке дейін айырмашылық болды. Жалпы осы 1 процентке дейінгі шамалы ауытқуларды біз қолайлы статистикалық қателіктер деп есептейміз. Сондықтан бұл негізі жоспарланған меже. 29,32

Айта кетейік, Қазақстанда сайлау кезінде 10 230-дан аса дауыс беру учаскелері жұмыс істейді. Бұл күні 12 млн-нан көп азамат өз таңдауын жасай алады.